ШҚО полиция департаменті 27 млн теңгенің тікұшақ қызметіне не үшін жүгінбекші?

481

Департамент тікұшақты сатып алмайды, тек жалдайды.

ШҚО полиция департаменті 27 млн теңгенің тікұшақ қызметіне не үшін жүгінбекші? Фото: LiveJournal

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті мемлекеттік сатып алу порталында экипажы бар әуе көліктерін жалға беру қызметтерін сатып алу туралы хабарландыру орналастырылған. Департаменттің баспасөз қызметі тікұшақты қандай мақсатта пайдаланатынын түсіндірді. 

Белгілі болғандай облыстық полиция департаменті мемлекеттік сатып алу порталында құны 27 486 607 теңгені құрайтын тікұшақ қызметі керек екендігі туралы хабарлаған. 

Осы ретте, департаменттің баспасөз хатшысы Татьяна Карпова тәртіп сақшыларына тікұшақтың не үшін керек болғанын түсіндіріп берді.

- Мал ұрлығының, ормандардағы ағаштарды заңсыз кесу фактілерінің алдын алуға және көліктің жетуі қиын жерлерде браконьерлікпен күресу мақсатында тікұшақ қажет. Бұл жұмыс тиімділігін арттыра түседі, - деді ол.

Айта кету керек, департамент тікұшақты сатып алмайды, тек жалдайды.

Мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңген компания полицейлерге патрульдеу және профилактикалық іс-шараларды жүргізу мақсатында тікұшақпен ұшуды ұйымдастырып отыруы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу