Жүнісбеков Серік Тұрсынәліұлы, 1981 жылы туған, құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. Жамбыл облысы Тараз қаласының тумасы.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, М.Х. Дулати атындағы 2005 жылы Тараз мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген.
2005-2007 жылдары – ҚР ІІМ академиясының күндізгі оқу адъюнктурасының адъюнкті. Заң ғылымдарының магистрі, заң ғылымдарының кандидаты.
Қызметтік қызметін Жамбыл облысы ІІБ 2-ші полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып бастады.
Қызмет еткен жылдары әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Оның ішінде Жамбыл облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары, ҚР ІІМ М. Есболатов атындағы Академиясы бастығының орынбасары.
Жоғары кәсіби қасиеттері үшін 2019 жылы Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылдың наурыз айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.