ШҚО полициясы "күшейтілген режимде" жұмыс істеп жатқанын мәлімдейді

1465

ШҚО полициясы жеті күнде 3 500 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. 

ШҚО полициясы "күшейтілген режимде" жұмыс істеп жатқанын мәлімдейді

Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, олар "жедел жағдайды сауықтыру, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу" мақсатында 15 қаңтардан бастап "күшейтілген қызметке" көшкен.

Осы аралықта заңсыз сақталған 11 қару тәркіленген. Жиыны 3 652 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Олардың ішінде ұсақ бұзақылық, ішімдік ішу немесе қоғамдық орында мас күйі жүру, тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжатсыз тұру сынды заңға қайшы әрекеттер бар.

Одан бөлек қараусыз қалған үй, саяжай және жалға берілетін пәтерлер тексеріліп жатыр. Көші-қон қызметі бағыты, шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасын бұзуы, халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзуы бойынша да тексерулер жүргізіліп жатыр.

ШҚО Полиция департаменті азаматтарды жедел-профилактикалық іс-шараны өткізуге түсіністікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды ұсынуға шақырады. 

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы ерекше өкімге дейін жалғасады. Қазіргі уақытта полицияның жеке құрамы тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр", – деп хабарлайды олар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу