ШҚО Самар ауданына жаңа әкім тағайындалды

858

Осыған дейін ауданды Раджан Сейтканов басқарған. 

ШҚО Самар ауданына жаңа әкім тағайындалды Фото: inbusiness.kz

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметті енді Махамбетов Нұрлан Мұхтарұлы атқаратын болды.

Осыған дейін Самар жеке аудан болып бөлінгелі ауданы әкімі қызметін Раджан Сейтканов атқарып келген. 

Махамбетов Нұрлан Мұхтарұлы 1965 жылы 25 қаңтарда Қостанай облысы, Боровской ауданы, Ивановка ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Ұлы Октябрьдің 60 жылдығы атындағы Қызыл Жұлдыз орденді Ленинградтағы жоғары зениттік-зымырандық командалық училищесін "Әуе шабуылына қарсы командалық тактикалық әскерлер" мамандығы бойынша бітірді, радиотехникалық құралдарды пайдалану жөніндегі инженер. 2019 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша үздік бітіріп, "Құқық бакалавры" дәрежесін алды.

Еңбек жолын Нұрлан Мұхтарұлы 1982 жылдың тамыз айында Михайловка нан-қабылдау кәсіпорнында астық кептіру шеберінің көмекшісі болып бастады.

1983 жылдан 1985 жылға дейін КСРО Қарулы Күштерінде мерзімді қызмет атқарды.

1985 жылдан 1989 жылға дейін Қызыл Жұлдыз орденді Ленинград жоғары зениттік-зымырандық командалық училищесінде оқыды.

1989 жылдан 2019 жылға дейін Қарулы Күштерде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2020 жылдың желтоқсанынан бастап, Серебрянск қаласы әкімінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу