Жоғарғы соттың мәліметінше, ұстау операциясын ҰҚК-нің ШҚО бойынша департаменті мен Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік қызметі бірлесіп жүргізген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тергеу нұсқасы бойынша, судья мүдделі тараптың пайдасына шешім шығару үшін аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.
Кейбір мәліметтерде, күдікті 40 миллион теңге алды деген күдікке ілінген. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу