ШҚО суларына 3 миллионға жуық шабақ жіберіледі

713

ШҚО суларына 3 миллионға жуық шабақ жіберіледі

ШҚО-да биыл өзендер мен су қоймаларына, көлдерге 3 миллионға жуық шабақ жіберу жоспарланып отыр, деп хабарлайды altaynews.kz.

Осы жылдың І тоқсанында Өскемен су қоймасына рипустың шабақтары жіберілген болатын.

"2018 жылдың бірінші тоқсанында Өскемен су қоймасын балықтандыру жұмыстары жүргізіліп қойды, — деді ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Санақбек Кітапбаев. — "ШығысУниверсал" ЖШС мамандары суға 1 миллион рипус шабағын жіберді".

Бір жылдың ішінде атқарушы органдар балық ресурстарының жаңартылуына 8 миллион теңге жұмсамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу