Қабанбай ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Мұқатов бұл "тарихи күн", "сүйіншілі хабар" екенін айтады.
"Маңырақ мұнай" мен "Бур Дор Строй Сервис" компаниясы бірлесіп газ барлау жұмысына кірісті. Жұмыс Жыланды атты жер телімінде жүргізіліп жатыр. Аталмыш компаниялар биыл мың метр тереңдікте қазып көруді жоспарлап отыр. Шыққан газдың мөлшеріне қарай аудандағы қанша елдімекенге тартылатыны нақты белгілі болады. Тарбағатай халқы газбен қамтылатын күн жақындай түскеніне қуаныштымыз", – деді Мейрамбек Мұқатов.
Тасқын Болатұлы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу