ШҚО таулы жерлерінде қар көшкіні қаупі бар

443

Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде 27 наурызға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін.  

ШҚО таулы жерлерінде қар көшкіні қаупі бар Фото: zakon.kz

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 24-27 наурыз аралығында өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар.

"Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, күннің күрт жылынуына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпауды ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден "112" нөміріне қоңырау шалыңыздар", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу