ШҚО тұрғындары "Алматы-Өскемен" бағытындағы жүрдек пойызды қайтаруды сұрап отыр

450

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары өңірдегі теміржол қатынасының жай-күйіне алаңдаулы. 

ШҚО тұрғындары "Алматы-Өскемен" бағытындағы жүрдек пойызды қайтаруды сұрап отыр Фото: inbusiness.kz

Бұл мәселені сенатор Ольга Булавкина өзінің депутаттық сауалында көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда ШҚО-дан Алматыға дейін бір ғана пойыз жүреді. Оның жол жүру уақыты – 27 сағат.

"Жолаушылардың қауіпсіздігі мен ыңғайлы қозғалыстың барлық талабына жауап беретін, жолда 16 сағат жүретін тальго пойызы Алматы-Өскемен бағыты бойынша 2022 жылдың қыркүйегіне дейін қатынады. Бірақ "Жолаушылар тасымалы" АҚ ақпаратына сәйкес, бұл бағыт тиімсіз болуына байланысты жабылып қалған. Бұл халық үшінм қолайсыз жағдай мен бей-берекет билет тапшылығы мәселесін туғызды. Республикалық трассаның жөнделуіне, сондай-ақ қыс мезгіліндегі ауа-райының қолайсыздығына байланысты Алматымен автомобиль қатынасы да қиын екенін атап өтуіміз қажет", - деді Сенат депутаты.

Бұдан бөлек Ольга Булавкина Риддер тұрғындарының теміржол жоқтығынан Ресейдің шекаралас аймақтары – Алтай өлкесі және Новосібір облысымен қатынаса алмай отырғанын жеткізді. 

Сенатор Алматыға дейінгі жүйрік теміржол бағытын қалпына келтіру мәселесін қарауды, сондай-ақ Ресеймен мемлекетаралық деңгейде теміржолдағы жолаушылар қатынасын жолға қою мәселесін шешуге көмек көрсетуді сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу