ШҚО тұрғындары Гиннес рекордтар кітабына енуге дайындалып жатыр

128

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары Өскемен қаласында Наурыз мерекесін тойлау кезінде ерекше рекорд орнатуға дайындық жүргізіп жатыр.  

ШҚО тұрғындары Гиннес рекордтар кітабына енуге дайындалып жатыр Фото: ШҚО әкімдігі

Жоспар бойынша, үш мыңнан астам адам бір мезгілде домбырада әйгілі қазақ әні "Ақ бұлақты" орындайды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Болатбек Мамарбаев хабарлады.

Әнді орындау 22 наурыз күні сағат 9:00-де қаланың орталық алаңында өтеді. Арнайы комиссия келіп, нәтижені тіркеп, кейін Guinness World Records-қа өтінім беру үшін рәсімдейді.

Акцияға кез келген шығысқазақстандық қатыса алады. Ол үшін 21 наурыз күні сағат 15:00-де орталық алаңда болатын дайындыққа келу қажет. Қатысушыларға қойылатын талап ұлттық киім, әннің сөздері мен әуенін алдын ала жаттау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу