ШҚО тұрғындары заңсыз сақталған 140 қаруды полицияға өткізді

766

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары полицияға заңсыз сақталған 140 қару өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО тұрғындары заңсыз сақталған 140 қаруды полицияға өткізді

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 сәуірде өңір тұрғындарынан заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы басталды.

Осы уақытқа дейін азаматтар өз еркімен 140 атыс қаруын өткізді. Оның ішінде 23 ойық және 115 тегіс ұңғылы қару бар. Берілетін сыйақының жалпы сомасы 9 миллион теңгеден асады.

Бүгінде 52 адам ақшасын алып үлгерді.

"Тапсырылған қарудың әрбір түрі бойынша криминалистикалық сараптама жүргізіледі. Одан кейін қарудың санатын анықтай отырып, қорытынды шығарылады. Қару-жарақты өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың түрі мен санатына қарай республикалық бюджеттен төлем беру көзделген. Сыйақы мөлшері 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі (31 800-дан 318 000 мың теңге) аралықта", – делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде зейнеткерді алдап соққан туысы үйін өз атына аударып алғанын хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу