ШҚО тұрғыны қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған

491

Баллистикалық сараптамалар тағайындалды.

ШҚО тұрғыны қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған Фото: Polisia.kz

15 мамыр күні Серебрянск қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тіркелмеген қаруды сақтау фактісі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының бірінен оның жеке секторы аумағында полицейлер тіркелмеген бес тегіс ұңғылы мылтықты, ұсақ калибрлі мылтықтың ұңғысын, үш аңшылық пышақты, сондай-ақ 50-ден астам патронды тәркіледі. 

ШҚО ПД баспасөз қызметі қазіргі уақытта полицейлер тіркелмеген қарудың қайдан шыққанын анықтап жатқаны туралы түсініктеме берді.
Сондай-ақ өңірде “Қаруды тапсыр” науқаны өтіп жатқанын, оның аясында заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босатылатынын атап өтті. 

Қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әрбір бірлігі оның техникалық күйін ескере отырып республикалық бюджеттен 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі төлем көзделеді. 

Қаруды тапсыру үшін кез-келген полиция бөліміне хабарласыңыз немесе “102” нөміріне қоңырау шалыңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу