ШҚО тұрғыны көршісінің терезесіне оқ атқан

381

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

ШҚО тұрғыны көршісінің терезесіне оқ атқан Фото: Polisia.kz

Алтай ауданының полиция бөліміне қала тұрғыны кешкі уақытта белгісіз біреудің оның пәтерінің терезесіне оқ атып, 50 мың теңге көлемінде шығын келтіргені туралы арызданған, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға дереу жетіп, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Күдікті көрші подъездте тұратын 23 жастағы жас жігіт болып шықты.

Ұсталған адамның үйіне шұғыл тінту жүргізу барысында полицейлер 12 калибрлі екі патронды, ИЖ-18 ЕМ-М бір ұңғылы аңшы мылтығы мен 12 калибрлі үш гильза, сондай-ақ 12 калибрлі 8 патрон тапқан. Белгілі болғандай, сол күні кешке ұсталған ер адам жәбірленушіден бір қабат жоғары тұратын көршісімен сөзге келіп қалған. 

Күдікті аулаға шығып, қарама-қарсы үйдегі әлгі көршісінің терезесін нақтылаған. Көршісіне ренжіген жас жігіт мылтықты нысанаға бағыттаған, алайда атылған оқ еш кінәсі жоқ басқа тұрғынның терезесіне тиіп кеткен. Кейінірек, сөзге келіп қалған көршісінің терезелері ауланың басқа жағына қарайтыны белгілі болды. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған бапта 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түріндегі жаза көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу