ШҚО тұрғыны жүргізуші куәлігін 1,2 млн теңгеге сатып алмақ болған

600

ШҚО-да әйел бейтаныс адамға жүргізуші куәлігін алуға 1,2 млн теңгеден астам қаражат берген, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

ШҚО тұрғыны жүргізуші куәлігін 1,2 млн теңгеге сатып алмақ болған Фото: unsplash

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, Өскемендегі Ертіс ПБ-ның кезекші бөліміне 38 жастағы қала тұрғынынан өтініш түскен. Ол жүргізуші куәлігін қысқа мерзімде жасауға уәде берген бейтаныс адамның көмегіне жүгінген. Көлік құралын басқаруға рұқсат беретін "құжат" сомасы шамамен 1 млн 240 мың теңге болған.

"Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтаған. Ол - Шемонаиха ауданының 54 жастағы тұрғыны. Тәртіп сақшылары оны полиция бөліміне жеткізген, ол жауап алу кезінде бұл әрекетін мойындаған", - дейді полиция өкілдері.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Күдікті кінәсін мойындаса, оған екі жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы беріледі", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу