ШҚО: Жазасын өтеуші түрмедегілерге терроризмді насихаттаған

663

Осы әрекеті үшін оның өтеп жатқан мерзімінің үстіне қосымша мерзім қосылды.  

ШҚО: Жазасын өтеуші түрмедегілерге терроризмді насихаттаған Фото: alashainasy.kz

Шығыс Қазақстанда жазасын өтеп жатқан азамат түрмедегілерге терроризмді насихаттағаны үшін қосымша 4,5 жылға сотталып мерзімі ұзарды, деп хабарлайды inbusiness.kz ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазасын өтеу үшін Астана қаласының сотымен сотталып, азамат Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелерінің біріне жазасын өтеуге келген. Алайда, қажетті қорытынды жасамай, түзеу мекемесінде заңсыз әрекеттер мен терроризмді жазасын өтеушілердің арасында насихаттауды жалғастырған. 

"Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде терроризмді насихаттау фактісі бойынша бұл азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аяқтап, сотқа жолдады", - делінген хабарламада.

Өскемен қаласының № 2 сотымен ҚК 256-бабының 1-бөлігі бойынша сотталған адам кінәлі деп танылып, 4,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын өтеуші 2020 жылдан бастап жазасын қамаудағыларға радикалды идеологияны таратқан облыстың түзеу мекемесінде өтеп келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу