ШҚО-да 9 ауданда аусыл ошағы жойылды

1074

ШҚО-да 9 ауданда аусыл ошағы жойылды

Мал аруларының алдын алу туралы баяндаған ветеринария басқармасының басшысы Асқар Жақыпбаевтың айтуынша, соңғы уақытта олар аусыл бойынша буферлік аумақ дәрежесінен арылу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Өткен жылмен салыстырғанда биыл вирусты аудандар саны 13-тен 4-ке кеміген. Әзірге, Абай, Зайсан, Тарбағатай және Үржар аудандарында ғана ауру ошақтары сақталып отыр. Жұмыс нәтижесінде осы жылдың 25 мамырында Халықаралық эпизоотикалық бюро облыстан аусыл бойынша шектеулерді алып тстады. Бұл мал өнімдерін өзге өңірлерге және шет елдерге сатуға мүмкіндік берді.

Қазіргі кезде ауруды қайта болдырмау мақсатында арнайы топтар құрылып, олар вакцинаның егілуін, малдың тіркелуін, қозғалысын қатаң қадағалауға алған. Алдын алу жұмыстары үшін биыл жергілікті бюджеттен 1,3 миллиард теңге қаржы бөлініпті.

"Алғашқы жартыжылдықта жоспар 7,9 миллион вакцина егу болатын, алайда, біз 5,5 миллион вакцина егіп, жоспарды 108 пайызға орындадық", – деді басқарма басшысы.
Ол сондай-ақ, саладағы материалдық-техникалық мәселелерді алға тартты, мәселен, облыста 114 ветеринар орынжайларды басқа мекемелерден жалдап отырған көрінеді. Талап бойынша, олар жеке ғимаратта орналасуы тиіс.

"Жалпы, басқарма қызметіне оң баға беруге болады. Дей тұрғанмен, мал дәрігерлері тарапынан өз міндеттерін толық орындамау деректері бар. Мәселен, ветеринарлар округ әкімдерімен бірлесе отырып, қабылдау бекеттеріне сүт тапсыратын сиырларды тексерулері тиіс. Ал орынжай мәселесімен өздеріңіз айналысуларыңыз керек, мәселенің бәрін жергілікті әкімдерге ысырып қоюға тағы болмайды. Бірлесе жұмыс атқарыңыздар", – деп ескертті аймақ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу