ШОБ еліміздегі жұмысқа қабілетті адамдардың 40%-ын жұмыспен қамтуда

888

Биыл пандемия шағын және орта бизнеске айтарлықтай кедергі келтіргені анық.  

ШОБ еліміздегі жұмысқа қабілетті адамдардың 40%-ын жұмыспен қамтуда

Соған қарамастан сала әлеуметтік қызмет арқарып келеді, себебі еліміздегі экономикалық белсенді халықтың жартысына жуығын жұмыспен қамтып отыр. 
Сәйкесінше ел экономикасының ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 30,8%-ды құрайды. 

Бүгінде Қазақстанда 1,3 млн шағын және орта бизнес субъектісі бар. Оларда 
 3,3 млн адам еңбек етеді. Сондықтан еліміз барынша саланы қолдау шараларына көңіл бөлуде. Мәселен, Алматыда Almaty Business — 2025 кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бар. Себебі мегаполисте ел бойынша ең көп ШОБ субъектісі шоғырланған. 
196,5 мың немесе жалпы республикадағы шағын және орта бизнеспен айналысатындардың 14,6%-ы. 

Сонымен қатар Алматы ШОБ-та еңбек ететірдер саны (596,2 мың адам) бойынша да алдыңғы қатарда. Оңтүстік астана халқының 62,2%-ы өмірін аталған сектормен байланыстырады. 
 
Бұл ретте Almaty Business — 2025 бағдарламасы кәсіпкерлікті жүргізуге жағдай жасап, қаржыландыру бойынша кеңес беріп, әкімшілік кедергілерді жою бағытында қолдау білдіруде. Сондай-ақ, пандемияға байланысты биыл өңірлік бағдарламаға өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, бизнесті қаржыландыру сомасы 
300 млн теңгеден 500 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Әрі қарыз беру бойынша мөлшерлеме 7%-дан 6%-ға дейін төмендетілді. Аталған шаралар өндірістік парктер мен сервистік орталықтарды дамытуға септігін тигізуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу