ШОБ қызметкерлерінің көбі сақтандырылмаған

762

Қызметкерлерін сақтандыруда жауапсыздық танытып отырған өңірлер анықталды.  

ШОБ қызметкерлерінің көбі сақтандырылмаған

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуден босатылған ШОБ жұмыс берушілеріне әр айдың 25-не дейін сақтандырылған адамдардың мәртебесін беру үшін қызметкерлердің тізімін өзектендіру қажеттілігі туралы еске салады.

Айта кетсек, ШОБ секторында жұмыс істейтін 800 мыңнан астам адам МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуден 2020 жылдың 1 қазанына дейін босатылған. Олар жүйеде сақтандырылған болу үшін жұмыс берушілер қызметкерлердің тізімін беріп, ай сайын msb.fms.kz сілтемесі бойынша жаңартуы керек. Жұмыс беруші өз қызметкерінің сақтандырылуына, медициналық көмекті уақытында алуына жауапты екенін түсінуі қажет.

"Өкінішке қарай, кейбір өңірде ШОБ субъектілерінің тартылу деңгейі төмен. 25 тамыздағы жағдай бойынша ШОБ жұмыс берушілерінің 41% ғана өз қызметкерлерінің деректерін өзектендірді. Яғни, жұмыс берушілердің уақтылы ақпарат бермеуіне байланысты Қазақстан бойынша ШОБ қызметкерлерінің жартысынан көбі сақтандырылмаған күйінде қалып отыр", – дейді қордан.

Қор жүргізген таулдауға сүйенсек, Алматы облысындағы (субъектілердің 73% деректері өзектендірілген), Батыс Қазақстан (67%) және Қостанайдағы (58% жуық) ШОБ иелері өз қызметкерлерін сақтандыруда белсенділік танытқан. 
Ал көрсеткіші ең төмен өңір Түркістан облысы болып отыр. 

ШОБ субъектілері қызметкерлерінің тізімін беру үшін:

  • https://msb.fms.kz/login сілтемесі бойынша өту;
  • БСН арқылы тізімнен өз ұйымыңызды табу;
  • Заңды тұлғаның немесе ЖК ЭЦҚ көмегімен тіркелу;
  • Қордың ақпараттық жүйесіне кіріп, Пайдаланушы келісіміне қол қою;
  • Содан кейін МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН енгізу (бір Excel файлымен немесе әр қызметкерге жеке);
  • Деректерді ай айдың 25 дейін жаңартып отыру керек;

Қызметкер Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын қолдана отырып, өз
деректерін дербес бере алады. Өтініште ұйымның деректерін көрсету және
растайтын құжатты бекіту қажет (тағайындау туралы бұйрық немесе еңбек
шарты).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу