ШОБ өкілдері 31,2 трлн теңгенің өнімін өндірді

630

Бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданды. 

ШОБ өкілдері 31,2 трлн теңгенің өнімін өндірді

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жыл соңына дейін пандемиядан зардап шеккен экономикалық өсімді қалпына келтіру үшін қабылданған кешенді жоспар жүзеге асырылатынын айтты. Оның сөзінше, бизнесті қолдауға бағытталған шаралар шағын және орта бизнесті дамыту арқылы экономиканы әртараптандыруды көздейді. 

"Кәсіпкерлерді салықтық ынталандыру жалғаса береді. Бизнесті несиелендіру рәсімі мен талабы жеңілдетіліп жатыр", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің сөзінше, былтыр экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 30,8% құрап, ШОБ  өкілдері 31,2 трлн теңгенің өнімін өндірген.

"Елімізде  3,4 млн адам шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. Бизнес климатты жақсарту бойынша қабылданып жатқан реформалар Қазақстанның Doing Business рейтингінде 25- орынға көтерілуіне мүмкіндік берді", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін бизнес-климат жақсартылып жатыр. 

"Экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша 2020 жылдың соңына дейін кешенді жоспар және бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданды. Арнайы Мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр", – деді ұлттық экономика министрі.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу