ШОБ-тағы барлық компанияның 60%-ын әйелдер басқарады – Әбілқасымова

923

Шағын және орта бизнестегі (ШОБ) барлық компанияның 60%-ын әйелдер басқарады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттінің төрайымы Мадина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

ШОБ-тағы барлық компанияның 60%-ын әйелдер басқарады – Әбілқасымова

Ол Қазақстанда гендерлік теңдік стратегиясы жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

"Бүгінде корпоративтік сектор құрылымындағы компанияларда әйелдердің шамамен 26%-ы топ-менеджер қызметін атқарады. Сондай-ақ ШОБ-тағы барлық компанияның 60%-дан астамын әйелдер басқарады. Бұл – басқа дамушы елдермен салыстырғанда салыстырмалы түрде жоғары көрсеткіш", - деді Мадина Әбілқасымова Astana Finance Days аясында өткен "Қаржы саласындағы әйелдер" (Women in Finance) сессиясында.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу