Шөген академиясы балаларды тегін қабылдап жатыр

755

Шөген академиясы балаларды тегін қабылдап жатыр

Қазақстан шөген федерациясы Балалар шөген академиясына 9-16 жас аралығындағы ұл және қыз балаларды ақысыз негізде қабылдауды бастады, деп хабарлайды inform.kz.

Осыған орай 23 сәуір күні Алматы облысы, Талғар ауданы, "Ақбұлақ" ССК ат спорты кешенінде орналасқан Балалар шөген академиясында "Ашық есік күні" өтті. Ата-аналар мен балалар шөген тарихымен және ойын ережелерімен танысты. Сондай-ақ балаларға ойындар көрсетіліп, экскурсия жүргізілді.

Қазақстан шөген федерациясының вице-президенті Сәрсен Құранбек Балалар шөген академиясында атқа міну мен шөген ойнау тегін үйретілетінін айтты.

"Сонымен қатар, Балалар шөген академиясы халықаралық турнирлердің жеңімпаздарынан дәріс алуға, өңірлік, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді", – дейді Сәрсен Абайұлы.

"Ашық есік күніне" қатысқан 30-дан астам ата-ана балаларын шөген мектебіне тіркеу мақсатында арнайы сауалнама толтырды. Академияға бала қабылдау жұмысы жалғасады. Толық ақпарат www.kazpolo.kz сайтында және әлеуметтік желіде жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу