Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен кездесу барысында Украинадағы "арнайы операцияның" тиімділігін арттыруға және жеделдетуге мүмкіндік беретін жаңа міндеттерді айқындап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қадыров өзінің Telegram-дағыканалында хабарлады.
"Біз Украинада денацификация және демилитаризация бойынша арнайы операция жүргізу мәселелерін жан-жақты талқыладық, өзара іс-қимыл мәселелерін айқындадық", – деді Қадыров. Оның айтуынша, Шойгу Украинадағы қақтығысқа қатысып жатқан әскерилерге алғысын білдірген.
"Біздің алдағы өзара іс-қимылымыз Жоғарғы Бас қолбасшы қойған міндеттерді орындаудың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін", – деді Шешенстан басшысы.
Табиғат Нұрболат