Шойгу Бейжіңге қонды

389

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі Сергей Шойгу дүйсенбіде ҚХР астанасы Пекинге жұмыс сапарымен барды. 

Шойгу Бейжіңге қонды Фото: РИА Новости

Ол 10-шы Бейжің Сяншань форумына қатысады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"Ресей әскери ведомствосының басшысы пленарлық отырыста "Ірі мемлекеттердің жауапкершілігі мен жаһандық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық" тақырыбында баяндама жасайды", — делінген хабарламада.

"Форумға Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің, сондай-ақ бірқатар Еуропа мемлекеттерінің жоғары басшылық өкілдері, Қорғаныс министрлері мен жетекші сарапшылары қатысады", - делінген хабарламада.

Бейжің Сяншань форумы 2006 жылдан бері өткізіліп келеді және соңғы рет 2019 жылы офлайн форматта өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу