Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігі телеграм-арнасында хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
"Сунан халықаралық әуежайында Корей Халық Армиясының құрметті қарауыл ротасының қатысуымен Ресей делегациясының ресми кездесуі өтті", - делінген хабарламада.
Шойгуды КХДР Қорғаныс министрлігінің басшысы армия генералы Кан Сун Нам қарсы алды.
Ресей өкілдері Корея түбегіндегі соғыстың аяқталғанына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелерге қатысады. Қорғаныс министрлігінде атап өткендей, сапар Мәскеу мен Пхеньянның әскери байланыстарын нығайтуға ықпал етеді және екі елдің ынтымақтастығын дамытудың маңызды кезеңі болады. Жұмыс сапары 25-27 шілде аралығында жалғасады.