Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Президент Владимир Путинге Мариуполь қаласының ресейлік әскер мен ДНР милициясының бақылауында екенін және Азовсталь зауытының аумағы бұғатталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның айтуынша, зауыт аумағында екі мыңнан астам украиналық әскери бар.
"Азовсталь зауытында жасырынып, сол жерде қалған адамдар туралы айтатын болсам, бұл жұмысты аяқтау үшін үш-төрт күн қажет", – деді Шойгу.
Бірақ Путин зауытқа шабуыл жасауды тоқтатуды тапсырды.
Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 11 наурыздан бері Мариупольде төрт мыңнан астам адам қаза тауып, 1 478 адам тұтқынға алынды.
Украинаның Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко Кремльдің Мариупольді басып алу туралы мәлімдемесін жоққа шығарды.
Табиғат Нұрболат