Шойын өндірісінде кокстың орнына кокс жаңғағын пайдалану сынақтан өтті

1517

Сынақ 2018 жылдың наурыз айынан қазан айына дейін жүргізілді. Пайда 122 млн теңгені құраған. 

Шойын өндірісінде кокстың орнына кокс жаңғағын пайдалану сынақтан өтті

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ домна цехының қызметкерлері шойын өндірісінде кокс жаңғағын пайдалану туралы ұсыныс жасады. Есептеулерге сәйкес, осы ұсынысты енгізуден келетін орташа жылдық экономикалық тиімділік шамамен 240 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды компания.

Кокс шығыны шойынның өзіндік құнының негізгі құрамдас бөлігі саналады. Қазіргі уақытта "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық комбинатында домна пештерінің жұмысы үшін фракциясы 35 мм астам кокс пайдаланылады. Комбинатта кокс жаңғағы деп аталатын ұсақ кокстың үлкен қоры бар. Оның құны ірі кокспен салыстырғанда айтарлықтай төмен – 25%.

Шойын өндірісінде кокс жаңғағын пайдалану жобасын әзірлеумен домна цехының қызметкерлері айналысты.

2018 жылдың наурыз айынан қазан айына дейін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шойын өндірісіне 12 299 тонна кокс жаңғағы қайтарылған. Пайда 122 млн теңгені құрады. Орташа жылдық экономикалық тиімділік – шамамен 240 млн теңге.

"Егер өндірістің ең жоғары деңгейінде біз тәулігіне 11 800 тонна шойын шығаратын болсақ, онда кокс тапшылығы шамамен 700 тоннаны құрайтын болады. Кокс жаңғағын пайдалану арқасында біз тапшылықты 80-90%-ға жабамыз және тиісінше кокс шығынын үнемдейміз. Осылайша, кокс жаңғағын кокспен ауыстыру коэффициенті 0,9 пайызды құрайды. Бұл жақсы көрсеткіш", – дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ домна цехының өндіріс жөніндегі басшысының орынбасары Рашид Загретдинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу