Шойын жолдың 1,2 мың метр рельсі қолды болды

1237

Ұрылар балалар темір жолына 55 млн теңге шығын әкелген.

Шойын жолдың 1,2 мың метр рельсі қолды болды

Шымкенттегі балалар темір жолының мүлдем істен шығатын түрі бар. Ескірген "локомотив" пен оның екі вагонын жөндеп, іске қоса алмай жүргенде, темір жолдың рельстерін ұрлап кетті, деп хабарлайды otyrar.kz.

Сала мамандарынан сұрап білгеніміз, шойын жолдың 1200 метр рельсі қолды болыпты. Осылайша ұрылар тұралап тұрған балалар темір жолына 55 млн теңге шығын әкелген. Күдікті үш адам дер кезінде ұсталып, жол бұзатын техникалары айып тұрағына жеткізіліпті. Бүгінде тергеу жұмыстары жүріп жатыр екен.

"Темір жолдың 400 метрін талқандаған. Ал 800 метрін алып, ұрлап кеткен.  Өкінішке қарай, ол маңайда ешқандай бейнебақылау камералары жоқ. Бірақ, сондағы тұрғындардың үйлерінің алдына орнатылған бейнебақылау камераларына кездейсоқ түсіп қалуы әбден мүмкін, мұны қазір ішкі істер бөлімі сұрастырып та жатқан болар. Барлығы 55 млн 250 мың теңге шығын келіп отыр ғой", - дейді "Тұрғын Үй Шымкент" МКК маманы Ғани Жақыпбеков.  

Айта өтейік, Ғ. Мұратбаев атындағы балалар темір жолы 1979 жылы пайдалануға берілген. 2011 жылы тоқтап, 2015 жылы демеушілердің күшімен қайта іске қосылды. Кейін бюджеттен қолдау болмай, қайта тұралап қалған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу