"Шок болып қалды": Төреғали қарындасының тосын жаңалығын қалай қабылдады?

824

Танымал блогер бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында жариялады. 

"Шок болып қалды": Төреғали қарындасының тосын жаңалығын қалай қабылдады? Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Жақында ғана ана атанған Фариза Төреәлі қуанышты жаңалыққа туған ағасы Төреғали Төреәлінің реакциясын көрсетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ағам мен жеңгемнің және Динок пен Кәусарымның реакциялары. Нағашы болуды армандайтын және көп дұға ететін. Жақындарымның және халықтың дұғасы қабыл болды. Үміт үзбеу керек ерекше мейірімді, шексіз рахымды Раббымыздан. Алла біздің қол жайып, одан көп сұрағанымызды жақсы көреді. Алла бізге мұқтаж емес, оған біз мұқтажбыз. Аяқ-киімнің бауына дейін сұраңдар деген хадистерде, сондықтан дұға атты қаруды қолданайық, мұсылмандар. Қолын жайып сұраған пендесінің қолын қайтаруға ұялады екен Алла... көп сұрайық, көп дұға етейік және үміт үзбейік"", - деді Фариза Төреәлі.

Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары жан тебірентер көрініске толы жылы лебізін жарыса жазды. Олар, тіпті белгілі өнер иесі Төреғалидың көңілі қалай босағанын да аңғарған.

"Ағасы жылауға сәл қалды", "Әрине, көп күткен сәбиді жасырған дұрыс, тіл көз бар дегендей. Көп блогерлер ішін көрсетіп салатын контентке адамдар үйреніп қалған ғой. Бауы берік болсын. Алла тағал екі дүние бақытын нәсіп етсін", "Ағаңыз дұғада болған-ау, шок болып қалды ғой, дұғам қабыл болды-ау Алла дегендей", "Жыламай көру мүмкін емес", "Қуаныштын көз жасы болсын әрқашан, ана болу бақытын тілегенге тілеймін", – деп жазды оқырмандар.

Сондай-ақ, Төреғали Төреәлідің өзі тілекші болған халыққа алғысын білдіріп, дүние есігін ашқан сәбиге ақжарма тілегін жеткізді.

"Баяғыда бір жеңешеміз "Тым жақсы ұл туайын деп жатыр едім, улап-шулап қыз туғыздыңдар ғой" деген екен. Қуанышымызды бөлісіп, құттықтап жатқан ағайын, Алла бақтарыңызды еселей берсін! Алланың қалауымен нағашы болып жатырмыз! Аллахым салиқалы сәби берсін, сәби құран жаттаған қари болсын, уа ағайын Дархан мен Фаризаның, осы бір қуанышын әр үй көрсін", – деп қуана жазды әнші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу