Шөкеев Отырар ауданының жаңа әкімін таныстырды

888

Түркістан облысы, Отырар ауданына жаңа әкім тағайындалды. Жаңа әкімді ауданның активіне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев таныстырды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Шөкеев Отырар ауданының жаңа әкімін таныстырды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысының әкімінің өкімімен Сұлтанханов Сәкен Асылханұлы Отырар ауданының әкімі болып тағайындалды.

Өңір басшысы ауданды үш жылға жуық уақыт басқарған Әбдіғали Айтжанұлы Жүнісовті құрметпен зейнет демалысына шығарып салып, оның ерен еңбегін ерекше атап өтті.

Сәкен Сұлтанханов 1976 жылы Мақтаарал ауданында өмірге келген. Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын, Орта-Азиялық университетін "Автомобиль және автомобиль шаруашылығы" және "Құқықтану" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолында Алматы қаласы бойынша сот орындаушылар және приставтар департаментінде сот приставы, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында аға сот орындаушы, Алматы қаласы, Жетісу аумақтық учаскесінде сот орындаушы болып қызмет атқарған. Сонымен бірге "Оңтүстік" салық комитетінің қаржы-шаруашылық жұмысын қамтамасыз ету және кадрлық жұмыс бөлімінде бас маман-заңгер, Шымкенттегі №2 "Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесінде директор, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты, ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы лауазымдарында болған. 2018 жылдан бері Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

                                       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу