Шоколад бағасы 15% қымбаттады: Қазақстандықтар тәттіні аз тұтынатын болды

64

Шоколад нарығындағы бағаның тұрақсыз болуы соңғы какао дағдарысымен де түсіндіріледі. 

Шоколад бағасы 15% қымбаттады: Қазақстандықтар тәттіні аз тұтынатын болды Фото: di-so.ru

Биыл қазақстандықтар шоколад пен шоколадты конфеттерді мейлінше аз жеген. Бір адамға шаққандағы шоколад тұтыну 195 граммға дейін төмендеп, жыл мен тоқсан бойынша едәуір қысқарған. Ал глазурьлі конфеттерді тұтыну тіпті бар тарихтағы ең төмен деңгейге жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DataHub Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың қыркүйек айындағы көрсеткіш бойынша бір адамға шаққанда 195 грамм шоколад түсіп, бір тоқсан бұрынғы көрсеткіштен 21%-ға, ал өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға азайған. Соңғы рет төмен көрсеткіштер үш жыл бұрын тіркелген, ал жалпы алғанда бұл көрсеткіштер 2011 жылдан бастап 2019 жылдың ортасына дейінгі кезеңде қалыпты болып саналған.

Ал глазурьмен қапталған шоколадты конфеттерді тұтыну дәл осы кезеңде барлық уақыттағы минимумға жеткен, бірақ осы категория бойынша күрт төмендеу байқалмаған. 2025 жылғы III тоқсанның орташа адамға шаққандағы тұтынуы 586 грамм болды. Осылайша, ол бір тоқсан бұрынғы көрсеткіштен де, 2024 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда да 7%-ға азайды.

Айта кетейік, тәттілер қазір айтарлықтай қымбаттап жатыр. Мысалы, қыркүйек айында шоколад бағасы жылдық есепте 1/3-тен астамға өскен, ал глазурьмен қапталған конфеттердің бағасы сәл төмен, шамамен 15%. Сонымен қатар шоколадтың қымбаттауы тек Қазақстанға тән емес. Барлық әлемде болып жатқан құбылыс. Басқа елдерде де тұтынушылар шоколад тұтынуды азайтып, басқа тәттілерге көше бастағаны байқалады. Мысалы, АҚШ-та Хэллоуин алдында осындай тенденция тіркелген.

Шоколад нарығындағы бағаның тұрақсыз болуы соңғы какао дағдарысымен де түсіндіріледі. 2024 жылы негізгі шикізат өндірушілерде түрлі проблемаларға байланысты баға күрт өсті, әрі биыл да жоғары деңгейде сақталды. Соңғы айларда баға қайта төмендесе де, өндірістің географиялық концентрациясының жоғары болуы сияқты кейбір жүйелік тәуекелдер әлі де бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу