Шоколад бір жылда 11%-ға қымбаттады

360

2023 жылғы қаңтар-тамыз аралығында шоколад пен қанттан әзірленетін кондитерлік өнімдер өндірісі 68,8 мың тонна болды. 

Шоколад бір жылда 11%-ға қымбаттады Фото: РБК

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 18,2%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz www.energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық кондитерлер тәтті өнімдерге деген сұранысты 47,6%-ға қамтамасыз еткен. Десек те нарықтың жартысынан астамы импорттың үлесіне тиді: 52,4%.

Биылғы қаңтар-шілдеде ішкі нарықта шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнімдерді өткізу көлемі 111,9 мың тоннаны құрады. Бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 23,2%-ға көп.

Тиісті кезеңде экспорт көлемі 5%-ға азайып, 17,8 мың тонна болды.

Биылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша шоколад бір айда 0,4%-ға қымбаттады. Жылдық мәнде қымбаттау 10,8%-ды құрады.

Кондитерлік өнімдер бір жыл ішінде 13,7%-ға қымбаттады. Оның ішінде карамельдің бағасы айтарлықтай артқан: 21,1%. Мармелад бағасы бір жылда 18,2 пайызға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу