Биылғы қаңтар айында шоколад өндірісі, шоколад пен қанттан жасалатын кондитерлік өнімдер өндірісі 8,1 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,2%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz energyprom порталына сілтеме жасап.
Өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша шоколад пен қанттан әзірленетін кондитерлік өнімдер өндірісінің жалпы көлемінің 95%-ға жуығын үш өңір қамтамасыз еткен. Оның ішінде Алматы қаласы (44,8 мың тонна), Қостанай (32,2 мың тонна) және Алматы (14,9 мың тонна) облыстары бар. Бұдан бөлек Шымкентте 2,4 мың тонна кондитерлік өнім шығарылған.
Қалған өңірлерге 2,6 мың тонна өнім тиесілі болды.
Шоколад өндірісінің айтарлықтай артқанына қарамастан, оның бағасы өзгеріске ұшыраған. Мысалы, биылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша шоколад бағасы бір айда 0,9%-ға өскен.
Соңғы 12 айда шоколад бағасының айлық динамикада айтарлықтай өсуі сәуірде (+4,1%), тамызда (2,7%-ға), шілдеде (2,6%-ға), сондай-ақ наурыз бен қыркүйекте (2,5%-ға) тіркелді.
Ресурстың жазуынша, жылдық динамикада шоколад бағасы 24,5%-ға қымбаттады.
Осы жылдың қаңтар айының қорытындысына сәйкес, бағаның жылдық өсуі Алматы облысында 10,2%-дан Қызылорда облысында 1,5 есеге дейін өзгереді. Шоколад бағасының айтарлықтай өсуі Ақмола (+32,3%), Маңғыстау (+31,9%) және Түркістан (+30,8%) облыстарында да байқалған.