"Шоколадпен қапталған құлпынай сатамын": Шымкенттіктерді алдаған екі алаяқ сотталды

288

Сотта азамат Б. және А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

"Шоколадпен қапталған құлпынай сатамын": Шымкенттіктерді алдаған екі алаяқ сотталды Фото: flowwow.com

Шымкентте TikTok арқылы "шоколадпен қапталған құлпынай" сатылатыны туралы жалған жарнама беріп, тұрғындарды алдаған екі ер адам сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушылар осы жылдың 8 наурызында "ТикТокта" "шоколадпен қапталған құлпынай" сатылатыны туралы жалған жарнама орналастырған. Осылайша 13 жәбірленушіні алдап, олардың қаражатын иемденіп алған. Тапқан пайданы өздеріне жаратқан.

Сотталушылардың тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Прокурор сотталушыларға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер кешірім берді.

Сотталушылар ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, әрқайсысына 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу