Шолаққорған ауылында 500-ге жуық үй салынады

1633

Қазір онда 10 пәтерлі екі қабатты 2 қызметтік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жақында тағы да 2 қабатты 92 пәтерлі 14 үйдің іргетасы қаланбақ. 

  Шолаққорған ауылында 500-ге жуық үй салынады

Түркістан облысы Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында екі бірдей жаңа аудан бой көтереді, деп хабарлайды 24.kz.

"Жеткіншек" елдімекенінің жанынан 120 гектар жер бөлініп, оған 221 млн теңгеге инженерлік-инфрақұрылым тартылған. Аудандағы құрылысқа жауапты мамандардың айтуынша, бұл жерге 500-ге жуық үй түседі. Қазір онда 10 пәтерлі екі қабатты 2 қызметтік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жақында тағы да 2 қабатты 92 пәтерлі 14 үйдің іргетасы қаланбақ. Одан бөлек, 1 қабатты 30 үй бой көтереді.

Қазына қаржысына салынған жаңа баспаналар аудандық әкімдікте үй кезегінде тұрған жас мамандар мен жас отбасыларға, мұғалімдер мен дәрігерлерге және ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне беріледі.

Ал екінші ауданның құрылысына 60 гектар жер бөлінген. Онда 200-ден аса жер теліміне инфрақұрылым тартылған. Ал қалған жер телімдері жекеменшік үй салушыларға беріледі.

Жалпы Созақ ауданында жер теліміне кезек жоқ. Жаңа салынып жатқан үйлердің барлығына жергілікті құрылыс материалдары пайдаланылады.

"Мердігер мекемелерге негізінен отандық өнімдерді пайдалану тапсырылды. Мына көріп отырғандарыңыздың бәрі отандық плиталар. Біздің ауданда мынандай 2 қабатты 3 үй салынатын боп брілген. 2-уі осы Шолаққорғаннан, 1-уі Созақ ауылынан. Бұларғға бөлніген қаржы 155 млн теңге 3 үйге", - дейді Созақ аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Әнуарбек Асылбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу