Шөлмек қақпақтарын шығаруда шетелдік шикізатқа тәуелді болып отыр

1287

Шөлмек қақпақтарын шығаруда шетелдік шикізатқа тәуелді болып отыр

Шымкенттің шөлмек қақпақтарына Қырғызстан мен Өзбекстаннан сұраныс көп. Бүгінде толық қуаттылығына көшкен, пластикалық өнімдер шығаратын өндіріс орны тауарларының тең жартысын шет мемлекетке тасымалдайды. Алайда, қажетті шикізатты кәсіпкерлер шетелден арнайы тапсырыспен алдыртады. Бизнес өкілдері, соның әсерінен, қымбат пластиктер тауардың өзіндің құнының қымбаттауына әкеп соғады деп отыр. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Осыдан алты жыл бұрын іске қосылған кәсіпорын тауарына бүгінде көрші елдер тапсырыс беруде. Шымкенттен шығып жатқан шөлмек қақпақтары Өзбекстан мен Қырғызстан еліне тасымалданып жатыр. Ал жеміс-жидек салуға арналған жәшіктерді сарыағаштық, мырзашөлдік кәсіпкерлер қоймай сатып алып жатыр екен. Алайда шетелдің шикізатына тәуелді өндіріс орнында қазір Қытай, Беларусь, Ресей пластиктері өңделуде. Шетелден қымбат бағамен келіп жатқан шикізаттарды өз өнімдеріміз алмастырса, тауар бағасы әлдеқайда арзан болар еді дейді зауыт басшылары.

Нарықтағы ақуалды жіті зерделеп отырған бизнес өкілдері тауардың сапасы мен өтімділігін жетілдіру үшін барымызды салып жатырмыз дейді. Бұл ретте кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың да шарапатын көріп отыр. Айта кетейік, серіктестік басшылығы биыл 515 млн теңге жеңілдетілген несие алып, құрал-жабдығын жаңартуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу