Шолпан Каринова: Мұғалімдердің сайлауға араласуы – өздерінің азаматтық шешімі
12 Қаңтар 2021 14:14 649

«Сайлау мәселесіне қатысты айтсақ, әр мемлекеттік органның өзіне тиісті құзыреттілігі бар. Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне сайлаудың мәселелерін қарастыру берілмеген. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі мұндай жұмысты жүргізбейді. Иә, «Педагог мәртебесі» заңының аясында мұғалімдерді тиісті емес жұмыстарға тарту қарастырылмайды. Бұл бойынша фактілер болса, біздің министрліктің білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері түбегейлі қарап отырады. Егер мұғалімдердің тарапынан ондай сұақтар түссе, тиісті шаралар қабыладанды. Ал сайлау жұмыстарына қатысу әркімнің өзінің азаматтық шешімі», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Есжан Ботақара