Шолпан Каринова жаңа қызметке тағайындалды

665

Үкімет қаулысымен Шолпан Каринова Оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ведомствоның әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.  

Шолпан Каринова жаңа қызметке тағайындалды

Айта кетейік, Шолпан Таңатқызы Каринова 1994 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын "қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша, 2016 жылы "педагогикалық білім" бағыты бойынша Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде магистратураны тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінің мұғалімі болып бастаған, колледж оқытушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған.

2005-2008 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінің басшысы;

2009-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы басшысының орынбасары болды.

2012 жылғы мамырда Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалған, 2013 жылғы шілде мен 2017 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасына басшылық етті.

2017-2018 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры, 2018-2019 жылдары "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары болып қызмет атқарған.

2019 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Білім және ғылым вице-министрі болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу