Шомылу кезінде 28 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

405

Осыған байланысты, Алматы облысының ТЖД  шомылу кезінде негізгі ережелерді сақтауды сұрайды. 

Шомылу кезінде 28 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды Фото: Алматы ТЖД

Шомылу маусымы кезінде адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын өңірдің су айдындарында профилактикалық рейдтер жүргізеді.

Облыстың су айдындарында рейдтер жүргізу барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін, атап айтқанда, мас күйінде суға түсу және тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін 28 жеке тұлға ӘҚБК-нің 412-бабы "Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 362 мың 250 теңге сомасына айыппұл салынды.

Негізінен, мас күйінде демалушылар, қараусыз қалған балалар және тыйым салынған жерлерде шомылатын азаматтар жазатайым оқиғаларға тап болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу