Шомылу маусымы басталғалы 36 адам суға кетіп көз жұмды

634

Оның 19-ы – бала. 

Шомылу маусымы басталғалы 36 адам суға кетіп көз жұмды

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықовтың сөзінше бұл тек соңғы айлардағы статистика, деп жазды inbusiness.kz. 

"Суға түсу маусымы басталғалы 36 адам суға батып кетті, оның 19-ы бала", – деді спикер онлайн брифингте.

Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, жыл басынан бері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 81 адам, оның ішінде 32 кәмелетке толмағандар суға кеткен.

Ол 2021 жылы осы кезеңде 125 адам суға кеткенін, оның ішінде 64 бала, ересектер өлімі 35,2%-ға, балалар 2 есеге азайғанын хабарлады.

Бұл ретте Сыздықов судағы оқыс оқиғалардың көбі су қоймасына құлап кету, жүзе алмау, мас күйінде суға түсу, балық аулау кезіндегі ережелерді бұзу және т.б. байланысты. 

Еліміздің су айдындарында жүргізілген профилактикалық жұмыстар аясында жыл басынан бері 50 адам, оның ішінде 10 бала құтқарылды. Суға түсу маусымы басталғалы 7 адам құтқарылды, оның ішінде бір бала.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу