Шомылу маусымы басталғаннан бері Алматыда 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

527

Алматы қаласының су айдындарында жазатайым оқиғаларды болдырмау, жалпы суда шомылу қағидаларын және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті Lider KZ еріктілерімен бірлесіп мегаполис акваторияларында рейдтік іс-шаралар өткізуде, деп жазды inbusiness.kz

Шомылу маусымы басталғаннан бері Алматыда 6 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Іс-шағара Жергілікті полиция қызметімен, Республикалық жедел-құтқару жасағымен, құтқару қызметімен, Қызыл Жарты Ай қоғамының да еріктілері тартылды.

Рейдтер барысында Төтенше жағдайлар департаменті демалушылар мен суда шомылушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын түсіндіріп, "Судағы қауіпсіздік!" тақырыбында жадынамалар таратты. 

Сондай-ақ қалада шомылуға рұқсат етілген орындар туралы ақпарат берілді. Жалпы суға түсу ережелерін бұзғаны үшін шомылу маусымы басталғаннан ҚР

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 364-бабы бойынша 5 адам, ал алкогольді ішімдіктер немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 1 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған байланысты, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ортақ су пайдалану ережелерін бұзбауға және қаланың рұқсат етілген жағажайларында ғана шомылуға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу