Шомылу маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?

188

Жыл басынан бері 20 мың балаға жүзу дағдылары үйретілді.  

Шомылу маусымына дайындық қалай жүріп жатыр? Фото: freepik

Барлығы 85 ірі су қоймалары бақылауға алынды, 128 арнайы белгілер орнатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Әдеттегідей 1 маусымнан бастап елімізде суға шомылу маусымы басталады. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ жергілікті билік органдарымен кешенді дайындық әрі алдын-алу шаралары ұйымдастырды. 

Министрлік өкілінің айтуынша, әсіресе балалар қауіпсіздігіне аса назар аударылады. Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, құтқарушылар қажетті жабдықтармен қамтамамыз етілді. Шомылу маусымына дейін 1247 ТВ сюжеттері шықты, 2158 рет радиодан хабар таратылды, 1784 мақала жарияланды. Сонымен қатар осы тақырыпта әлеуметтік желілерде 5000-нан астам пост шықты. 

"Біздің құтқарушылар жыл басынан бері 20 мыңнан астам баланы жүзуге үйретті және бұл жұмысты біз жыл сайын жалғастыратын боламыз. Әкімдіктер балаларға арналған қауіпсіз жағажайлар ашады. Көлдер мен көлшіктерде 128 қауіпсіздік белгілері орнатылды", — деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Шомылуға тыйым салынған жерлерде 20 мыңнан астам рейд жұмыстары жүргізілді. 

"Анықталған құқық бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364, 412 және 440-баптары бойынша жауапқа тартылады. Жыл басынан бері жалпы сомасы 4 млн астам теңге құрайтын 525 хаттама жасалды", - деді спикер. 

Жалпы ТЖМ Құтқару бөлімшелері жиі пайдаланылатын 85 шомылу орындарын бақылауға алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу