Шомылу маусымында 200-ден астам құтқару бекеті құрылады

167

Жалпы ТЖМ құтқару бөлімшелері ірі су қоймаларының ең белсенді пайдаланылатын 85 учаскесін бақылауға алды.  

Шомылу маусымында 200-ден астам құтқару бекеті құрылады Фото: Qaragandy habary

Сонымен қатар ТЖМ күштерімен қосымша 70 мобильді маусымдық құтқару бекеті, 200 обьектілік құтқару бекеті салынбақ, деп жазады inbusiness.kz.

"Су айдындарының күзетсіз учаскелерінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ТЖМ күштерімен қосымша 70 мобильді маусымдық құтқару бекетін салу жоспарлануда.

Әкімдіктермен және су жағасындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп ТЖМ жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен 200-ден астам объектілік құтқару бекеті құрылады", - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу