Шомылу маусымының ашылуына байланысты шағын кемелер тексеріледі

1526

Қазақстанда катамарандарды, салмақты және үрлемелі қайықтарды қоспағанда, 18 мыңнан астам шағын өлшемді кеме тіркелген. 

Шомылу маусымының ашылуына байланысты шағын кемелер тексеріледі

1 маусымнан 31 тамызға дейін жыл сайын жалпы республикалық "Скутер" акциясы өткізіледі, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Шараның мақсаты – шағын өлшемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, елдің су айдындарында апаттық жағдайлар мен экологиялық қатерді болдырмау, жазатайым оқиғалар мен адамдардың өлім-жітімін азайту.

Қазір Қазақстанда катамарандарды, салмақты және үрлемелі қайықтарды қоспағанда, 18 мыңнан астам шағын өлшемді кеме тіркелген. Шомылу маусымы кезінде жасанды және табиғи су айдындарындағы кемелер саны күрт артады. Акция аясында олардың құтқару құралдарының болуы, басқару құқығы бар тұлғалардың кемелерді басқаруы т.б. тексерілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу