Шонжыда тараған Сібір жарасын 13 адам жұқтырған

190

Қазір жағдай тұрақты, карантиндік шектеулер алынып тасталды. 

Шонжыда тараған Сібір жарасын 13 адам жұқтырған Фото: shutterstock/ freepik

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында ірі қара малдан Сібір жарасы анықталып, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті оны 13 адам жұқтырғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Алматы облысында 13 жағдай тіркелді. Науқас адамдар ауруханада тиісті ем-дом алып, қазір үйлеріне жіберілді. Жалпы жағдай тұрақты, барлық карантиндік шектеулер алынып тасталды", – деді Сархан Сағынтайқызы.

Бұған дейін Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бұл жағдайды растап, 4 адам Сібір жарасын жұқтыруы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу