Шөп артылған жүк көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды

656

Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен алты миллион теңгеге жуық. 

Шөп артылған жүк көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды

Түркістан облысында 8 қазан күні сағат 21.50 шамасында Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне ауыл көшелерінің бірінде шөп артып алған ГАЗ 53 жүк көлігі жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, белгісіз біреу Бәйдібек ауданының тұрғынына тиесілі 280 пресі бар жүк көлігін өртеп жіберген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен алты миллион теңгеге жуық.

Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында полицейлер қажетті іс-шараларды жүзеге асырды, куәлардан жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде, жедел уәкілдер жүк көлігіне келіп, ондағы шөпті өртеп жіберген күдікті адамның бейнесін көрді. Ол от қойғаннан кейін орындыққа отырып, өртті бақылаған.

Күдікті ретінде Сайрам ауданының тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам мас күйінде белгісіз себептермен жәбірленушінің көлігін өртеп жіберген.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 202-бабы "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу