"Бүгін мен орталық саябақта сырғанадым. Мұз керемет. Кәсіби спортшы ретінде елордалықтарға осында келіп сырғанауға кеңес беремін. Достарыңызбен және отбасыңызбен осында демалсаңыздар болады", - деп өз әсерімен бөлісті 3 олимпиадалық ойынның қатысушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абзал Әжғалиев.
Астанадағы желілік мұз айдынында ағайынды боксшылар да сырғанады.
"Орталық саябақта әдемі, ыңғайлы мұз айдыны ашылған. Өте тегіс. Барлық астаналықтарды осында шақырамыз", - деді боксшылар Айбек пен Нұрбек Оралбай.
Естеріңізге сала кетейік, бұл - Астанадағы алғашқы желілік мұз айдыны. Елордадағы ең ұзын мұз айдынының ұзындығы 290 метрге жетеді. Өз құрал-саймандарымен келушілер үшін мұзға шығу тегін. Мұз айдынының жанында тақырыптық фотоаймақтар, жылыту нүктелері және фудкорттар орналасқан. Саябақта сырғанақтар да жұмыс істейді.