Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев әлем кубогі кезеңіне қатыспайтын болды

833

Дрезденде ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі анықталды. Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы бұл күндері Ресейде бірлескен оқу-жаттығу жиындарын жүргізуде.

Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев әлем кубогі кезеңіне қатыспайтын болды

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлем кубогі кезеңдерінің жүлдегері Абзал Әжіғалиев жаттығу барысында тобығын шығарып алды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz. 

"Жаттығу кезінде Абзал абайсызда тобығын ауыртап алды. Толық қалпына келіп үлгермейтін болғасын, ақпан айында Германияда өтетін әлем кубогі кезеңінен сырт қалуға мәжбүр. Оны дереу Ресейдегі травматология институтына көрсеттік. Білікті дәрігерлер айтарлықтай қауіп көріп тұрған жоқ. Бірақ төрт апта бойы балдақпен жүреді. 26 қаңтар күні Абзалды Астанаға қайтарамыз. Ал қалған команда мүшелері Дрездендегі әлем кубогі кезеңіне аттанбақпыз", – дейді бас бапкер. 

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы бұл күндері Ресейде бірлескен оқу-жаттығу жиындарын жүргізуде. Спортшылардың алдындағы ірі жарыс – 1-3 ақпан күндері Германияның Дрезден қаласында өтетін әлем кубогінің төртінші кезеңі. 

"Дрезденде ел намысын қорғайтын спортшылар тізімі анықталды. Ерлер арасында Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали, Евгений Ребик сынға түседі. Қыздар арасында Анастасия Крестова, Әлия Ким, Ольга Тихонова және Әсел Тайшымановға сенім артамыз", – деді Қарсыбеков. 

Еске сала кетейік, әлем кубогі кезеңі осыған дейін Калгари, Солт-лейк-Сити және Алматыда өтті. Шешуші соңғы кезең Италияның Турин қаласында, 8-10 ақпан күндері ұйымдастырылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу