Италияның Турин қаласында шорт-тректен әлем кубогінің соңғы кезеңі басталды. Қазақстан әйелдер құрамасы эстафетадан жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Эстафетада Қазақстан атынан Әлия Ким, Анастасия Крестова, Ольга Тихонова мен Әсел Тайшыманова сынға түсуде. ¼ финалда біздің команда өз тобында екінші орын иеленіп, жарытлай финалға өтті.
Ал ерлер командасы ескерту алып, жарыс жолынан шығып қалды. Аралас эстафетада қазақстандықтар айтарлықтай нәтиже көрсетпей, ширек финалдан аса алмады.
Бүгін 1000 метрлік бәсекені ширек финалында Мерсаид Жақсыбаев бақ сынайды. Әлия Ким мен Анастасия Крестова 1500 метрде жартылай финалға өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу