Шорт-тректен әлем кубогі: Қазақстан әйелдер құрамасы үздік бестікке енді

857

Германияның Дрезден қаласында шорт-тректен әлем кубогінің бесінші кезеңі аяқталды.

Шорт-тректен әлем кубогі: Қазақстан әйелдер құрамасы үздік бестікке енді

Қазақстан сапынан ең үздік нәтижені қыздар командасы тіркеді, деп хабарлайды Olympic.kz

Біздің спортшылар 3000 метрге созылған эстафетада бесінші орын иеленді. В финалында топ жарған команда көрсеткіші жалпы есепте үздік бестікке ену үшін жеткілікті болды. 

Эстафетада ел намысын Анастасия Крестова, Әлия Ким, Әсел Тайшыманова және Ольга Тихонова қорғаған болатын. 

Ерлер арасындағы сында Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Әділ Ғалиахметов және Мерсаид Жақсыбаев жетінші орыннан көрінді. 

Аралас эстафетадағы Қазақстан спортшыларының көрсеткіші – алтыншы орын. 

Жекелей сында біздің спортшылар финалға өткен жоқ. Ал құрама үздігі Абзал Әжіғалиев жарақатына байланысты жарыстан сырт қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу