Шорт-тректен әлем кубогінің биылғы маусымдағы соңғы кезеңі аяқталды

657

Еліміздің қыздар командасы эстафетадан үздік алтылыққа енді.

Шорт-тректен әлем кубогінің биылғы маусымдағы соңғы кезеңі аяқталды

Италияның Турин қаласында шорт-тректен әлем кубогінің биылғы маусымдағы соңғы кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан спортшылары жүлдеге іліге алған жоқ, деп хабарлайды Olympic.kz.

Кубоктік кезеңдегі ең үздік нәтижені қыздар командасы тіркеді. 

Эстафетада (3000 метр) сынға түскен Әлия Ким, Анастасия Крестова, Әсел Тайшыманова мен Ольга Тихонова жалпы есепте алтыншы орын иеленді. 

Аралас эстафетада Қазақстан құрамасы 9-шы сатыдан көрінді. Ал ерлер арасындағы эстафеталық бәсекеде біздің команданың жолы болған жоқ. Төрешілер ереже бұзғаны үшін спортшыларды жарыстан шеттетті.

Еске сала кетейік, Туриндегі әлем кубогі кезеңіне ұлттық құрама үздігі Абзал Әжіғалиев қатысқан жоқ. Ол аяғының жарақатына байланысты екі бірдей жарыстан сырт қалып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу